БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыОтырар  ауданының     «Ақбота-Ару»  бөбекжай  балабақшасы   жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен — жайы)Түркістан облысы. Төлеби ауданы. Зертас ауылы.  Ж.Қасымбеков №7
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)Ұялы телефон  87772327782  87013166564                                                    электронды поштасы akbotaaru@mail.ru  https://akbota-aru.bb.edu.kz/ /
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Құттыбек Назым Нұрлыбақытқызы «Ақбота-Ару» бөбекжай  балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысының шешімі бойынша 2024 жылғы 01 қазан айының  № 51 бұйрықпен тағайындалып, бекітілген.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 20.06.2024 жылы берілген. БИН: 160940004630
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы толон 2016  жылғы 27 қазанында №KZ71RVK00012207 хабарлама берілген.  
7Құрылған жылы2015жыл
8Типтік ғимаратЕкі қабатты типтік үлгіде
9Топтар саны9 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі, орыс тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:  І, ІІ ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің ұзақтығы – минутпенКіші топ -күні бойы Ортаңғы топ- күні бойы Ересек топ – күні  бойы МАД топ –  күні бойы
14МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны  200 балаға арналған. 06.12.2024 жылы 200 балаға № X.10.X.KZ05VWF00262356 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша  ғимараты 2 қабатты типтік жобада  заман талабына сай салынған. Балабақша 200 орындық, 9 топ жұмыс жасайды. Әр топ  20 және 25 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Тоғыз топ жұмыс жасайды. Кіші топ «Шах» Ортаңғы топтар: «Гүлдер», «Ақайша», «Балапан», «Солнышко» ересек топ: «Дана», «Айшуақ» Мектепалды «Шұғыла», «Радуга» топтарында тәрбиеленушілер мемлекеттік   тілде тәрбиеленуде.

Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті, логопед кабинеті, мед кабинет, асхана , қойма, кір жуу блогы бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері  автономды.Су орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл  түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейне бақылау камераларымен жабдықталған. 

         Бөбекжай балабақшада медициналық  кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық  кабинетте емшара  бөлмесі,  оқшаулау  бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман  жабдықтармен  жабдықталған.   

Балабақша ауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары, қара ағаш  т.б. жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын  алаңында әр топтың ауласы бөлек ,  балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын  саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған   алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

— Меңгеруші кабинеті;

— Әдістемелік кабинет;

— Теледидар – 3 дана;

— Компьютер – 2 дана;

— Ноутбук — 4 дана;

— Принтер – 2 дана

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш»,  «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы»,  дамытушы   дағдылар  бойынша  орталықтар жасақталған.